Беларусьте ҰҚШҰ саммиті қарсаңындағы жиын өтті

Беларусь астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті қарсаңында Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында қазіргі геосаяси ахуал, ұйымның сессияаралық кезіндегі жұмысы сынды сұрақтар талқыланды. Отырыста Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұйым аясындағы әріптестіктің өзекті мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымын белгілеп, ұйымды одан әрі дамыту бағытын жалғастыруға еліміз дайын екендігін айтты. Жиын соңында тараптар саяси және әскери салаларды қамтитын, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бағытындағы 20-ға жуық құжатқа қол қойды.

Ал бүгін Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысы өтеді. Онда осы аралықта төрағалық міндетін атқарған Беларусь өз қорытындыларын жариялайды.