Президент ҰҚШҰ саммитіне қатысады
Минскіде бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті өтіп жатыр.
Бұл – Беларусь тарапы қабылдап жатқан 4-ші жиын. Отырысқа қатысу үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та аттанған болатын. Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті Александр Лукашенко қарсы алды.
Бүгінгі отырыста осы аралықта төрағалық міндетін атқарған Беларусь өз қорытындыларын жариялайды. Ал келесі болып ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, төрағалық ету кезеңіндегі ұйым қызметінің басым бағыттарын жариялайды деп күтіледі.