Байыпты бағдарлама – тиімді нәтиже

2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілуге тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында белгіленген бұл межені іске асыру үшін тиісті шаруалар атқарылып жатыр. Мәселен, биыл 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

Сондай-ақ, инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Соған сәйкес, үш жыл ішінде 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады.

Қорларды ұлғайтып, өңірлерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өндіретін зауыт құрылысы қолға алынған.