Хостелдегі өрт құрбандарының отбасыларына көмек беріледі
Әлихан Смайылов Алматы қаласында болған оқыс оқиғаға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Адам шығынына әкелген қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды, деді Үкімет басшысы. Премьер-министр де Үкіметтің өрттің пайда болу себептерін анықтау үшін барлық шараны қабылдайды және кінәлілер жауапқа тартылады. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.