Депутаттар мен министрлер әскери қауіпсіздіктің қыр-сырын меңгерді
Оқу курсын Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған.
Шараға қатысушылар ұлттық қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелерін талқылады. Мұндай оқыту курстарының мақсаты - дағдарыс жағдайында бірлесе әрекет етуі тиіс мемлекеттік органдардың міндеттерін айқындау. Курс соңында арнайы сертификаттар табыс етілді. Келесі жылы мұндай дайындықтан облыс әкімдері өтеді.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған курстық жиындар өте пайдалы. Еліміздің қорғаныс саласының дамуы оның бағыт-бағдары, болмысы даму жолдары деген сияқты мәселелер депутаттарға да керек. Біздің қорғаныс комитетінің депутаттарының біліктілігін, олардың жағдайды түсінуін тікелей осы қорғаныс министрлігіндегі офицерлермен, генералдармен араласуы арқылы мәселелерді уақытылы шешуге, басқасына жақсы мүмкіндіктер беретін курстық жиын деп есептеймін.