Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнайды
2023 жыл шетелдерден инвестиция тартуда жемісті жыл болды.
Мәселен, Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары аясында жалпы құны 16 млрд доллардан асатын 30 құжатқа қол қойылды. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары кезінде 4,7 млрд доллардың 10 инвестициялық келісімі бекіді. Мұны сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеп, ведомствоның бір жылдық жұмысына есеп берді. Тағы бір жаңалық жақын арада Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнайды. Қазір мемлекетішілік рәсім жүріп жатыр. Атап өтейік, қараша айында Қытаймен визасыз режим күшіне енген. Енді Еуроодақпен де визалық режимді жеңілдету көзделіп отыр.
Еуропалық Одақпен визалық режим жеңілдеуі мүмкін
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін Еуропа одағымен визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультацияларды бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін еуропалық виза режимін жеңілдетудің бірінші кезеңдері ретінде. Бірінші визалық алымды төмендету,екінші өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту, үшінші көпмәртелі визалардың қолданылу мерзімін ұзарту мәселелері қарастырылуда.