Қазақстанның сыртқы саясаты
«Қазақстанның 2024 жылғы сыртқы саясаты прагматизмге негізделуі керек», - дейді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Кәукенов.
«Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында айтқан сыртқы саясаттағы ұстанымы көңілге қонды», - дейді сарапшы. Елдің сыртқы стратегиясына тоқталған Президент шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. 2024 жылы еліміз бірнеше ықпалды халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге төрағалық етеді.
Әділ Кәукенов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің сарапшысы:
- Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары - көрші елдерге баса назар аудара отырып, көпвекторлы бағытта қала береді. Бұл маңызды, онсыз әлемде даму мүмкін емес. Осы сұхбатында Президент көршілермен достық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Былтыр Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа бағыт алды. Төраға Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының алтын дәуірін жариялады. Тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті - 10 айда 24 миллиард доллардан асты. Екі жақты қарым-қатынас негізінде – қазақстандықтар Қытайға визасыз бару мүмкіндігіне ие болды.