АҚШ сарапшысы еліміздің көп векторлы саясатын қолдайды
Қазақстан әлемдегі күрделі экономикалық, геосаяси жағдайларға қарамастан сыртқы саясатын тыңғылықты, тиянақты жүргізіп келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына пікір білдірген америкалық сарапшы Уайлдер Санчес осылай дейді.
Уайлдер Алехандро Санчес, консалтингтік фирма президенті:
«Қазақстан өзінің көп векторлы сыртқы саясатымен белгілі. Президент Тоқаевтың сұхбатынан бұл ұстанымның эволюциясын байқадым. Мұны көп векторлы сыртқы саясат 2.0 деп атасақ болады. Қазақстан қазіргі күрделі геосаяси сын қатерлерді сауатты еңсеріп қана қоймай, оны мүмкіндік ретінде де пайдаланып келеді. Ресеймен де, Қытаймен де байланыстарын сақтай отырып, АҚШ, Европа секілді батыс елдерімен сауда саттықты тереңдетіп жатыр. Оған Транскаспий дәлізінің қарқынды дамып жатқаны дәлел».