«AMANAT» партиясы апта сайын қоғамдық қабылдау өткізеді
Онда көтерілген мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тауып жатыр.
Мысалы, Жамбыл облысында партияның қоғамдық қабылдауларына былтыр 3 мыңнан астам өтініш түссе, соның 63,8%-і қанағаттандырылған. Қалғанына заңды түсініктеме берілді.
Гүлмира Байшалова, қала тұрғыны:
- 24 жыл болды 7 мөлтек ауданында тұрамын. Бірақ №45 мектеп-гимназиясына немеремді 5 жыл болды орналастыра алмадым. Барамын – орын жоқ, анда барамын, мұнда барамын – орын жоқ. Амал жоқ, «AMANAT» партиясына келдім. «AMANAT» партиясының арқасында бір сағатта немерем №45 гимназияға орналасты.
Партияға көмек сұрап келетіндердің мәселесі сан алуан. Кей сұрақтар сол жерде шешімін тапса, кейбіріне заңды тұрғыда бағыт-бағдар беріледі. Бірде-бір өтініш, шағым назардан тыс қалмайды. Қоғамдық қабылдау – партияның маңызды бағытының бірі, - дейді саяси ұйым өкілдері.
Үміт Ыбырайымова, «AMANAT» партиясы ОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
- Бізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыс әкімі мен оның орынбасарлары, басқарма басшылары мен департамент басшылары, сондай-ақ «Құқықтық көмек» жобасы аясында заңгерлер, медиатор, адвокаттар азаматтары жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.