Сарапшы: Қазақстан – Орталық Азиядағы алтын көпір

Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы елдермен қатынас орнатудың алтын көпірі.

Шетел сарапшылары осындай пікірде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатынан соң өңірге қызығушылық танытатын сарапшылар өз ойымен бөлісті. Француз экономисі Джулиен Веркей айтуынша, Президент Тоқаев ұстанған саясат тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, ішкі және сыртқы инвестиция тартуға зор мүмкіндік береді. Осы себепті Қазақстанды халықаралық деңгейдегі ірі компаниялардың Орталық Азиядағы маңызды алаңы деуге негіз бар, - дейді Жюльен Веркей.

Жюльен Веркей, Шығыс тілдері және өркениет ұлттық институтының вице-президенті:

- Қазақстан – нарықтағы экономикалық байланысты нығайту бойынша тәжірибесі бар ел. Өңірді білмейтін шетелдік инвесторлар үшін Орталық Азиядағы елдермен байланыстырушы алтын көпір деуге болады. Өйткені инвесторлар алдымен елдің соңғы жылдардағы шетелдік компаниялармен байланысын назарға алады. Осы елге қаржы құйып, сонан соң көршілес мемлекеттермен қатынас жасаудың қажеті бар-жоғын бақылайды. Мұндай тәжірибе барлық аймаққа тән. Инвестиция шоғырланған елмен байланыс орнату арқылы өзге мемлекеттерге жол ашылады.