Астанада Сирия мәселесі бойынша 21-ші келіссөз өтеді
Астана процесі шеңберінде Сирия мәселесі бойынша 21-ші халықаралық кездесу өтеді.
Оған 24-25-ші қаңтар күні Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері қатысады. Иордания, Ирак, Ливан мемлекеті, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасы, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері бақылаушы болады. Кездесуде Сириядағы гуманитарлық ахуал және елді қалпына келтіру жөніндегі мәселелер талқыланатын болады.