Т. Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Т. Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Тина Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлемдеді. Ресей журналисі осыған дейін Қазақстандағы орыс тілінің қолданысына қатысты пікір білдірген болатын. Ол телеграмдағы парақшасында "Қазақстанда орыс тілі ақырындап ығыстырылып жатыр, бұл қауіпті үрдіс" деп жазған болатын.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Келген жағдайда кірмейді. Егер сізге бір адам ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіздер ғой. Тура сол секілді біз де кіргізбейміз, керек кезде шара қабылданады. Оны нақты бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет мұндайды ешқашан кешірмейді.