Үш елдің ішкі істер министрлері кездесті
Былтыр көрші мемлекеттердің сұрауымен қазақстандық сақшылар ел аумағында 125 қылмыскерді ұстаған.
Бұл туралы қазақ, қырғыз және өзбек елінің ішкі істер министрлерінің кездесуінде айтылды. Астанада өткен басқосуда тараптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов "Ауыр, аса ауыр қылмыстарды бірлесіп ашуда оң мысалдар бар" деді. Қырғызстанның бас полицейі бір ғана мемлекеттің күшімен қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу мүмкін емес екенін айтады. Өйткені бүгінде қылмыс түрлері трансұлттық сипатқа ие. Өз кезегінде Өзбекстан министрі Пулат Бобожанов "қазіргі сын-қатерлер мен қауіптер біздің министрліктеріміздің ортақ қызметін талап етеді, деп атап өтті. Кездесу нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адамдар туралы мәліметтермен бөлісуге бағытталған Хаттамаға қол қойылды.