Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Былтыр елде 21 мың тоннадан астам уран өндіріліп, 18 мың тоннасы сатылды.
Әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған өнім үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы жеткізілді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді. Сондай-ақ, президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жайы айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
- Президентке «Қазатомөнеркәсіп» тарапынан жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет бердім. Өңірлердегі жасалып жатқан әлеуметтік жобаларды айтып өттім. Одан басқа мемлекет басшысының Қазатомөнеркәсіп минералдық шикізат базасын ұлғайту жөніндегі атқарылып жтақан жұмыстарды және алдымызға қойған жоспарлар туралы мәлімет бердім.