Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалды. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.