Қ. Тоқаев Болгария Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.
«Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.