Бақытжан Сағынтаев Владимир Путинмен кездесті

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Ресей басшысы Сағынтаевты жаңа қызметімен құттықтап, саладағы озық тәжірибесі мен кәсібилігіне ерекше тоқталды. Оның білімі мен біліктілігі комиссия жұмысын алға тартуда үлкен маңызға ие болатынын атап өтті. Ал Бақытжан Әбдірұлы Путинді Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Тараптар Еуразиялық Экономикалық одақ елдерінің ұлттық валютада өзара есеп айырысуларға көшу мәселесін талқылап, таяу арада жүйеге толық өтетіндерін баяндады.