Мәжілісте Парламенттік тыңдау өтеді
Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелер бойынша Парламенттік тыңдау өтеді.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Қошанов мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының көтерген әрбір мәселесін бағдарламалық құжат ретінде қабылдау керек, – деді. Сондай-ақ жүктелген тапсырманы орындауға жедел кірісу қажеттігін атап өтті. Палата төрағасы лудоманияға қарсы күрес, есірткі өндіру мен тарату, вандализм, археология, мемлекеттік рәміздер мен наградалар саласындағы заңнаманы жетілдіру керектігін айтты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Бүгінгі депутаттық сауалдар – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне көрсетілген нағыз қуатты қолдау. Аталған мәселелер Парламенттің ресми мінберінде көтеріліп, нақты іске асырылатын болады. Президент белгілеп берген бағыт-бағдар бәріңізге түсінікті деп ойлаймын. Сондықтан құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде Параламенттік тыңдалым өткізуіміз қажет.