Мемлекет басшысы әйел мен баланы қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы әйел мен балаларды қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды.

Құжат қызу талқыдан өтіп, оған түзету енгізу ісіне қоғамның әр мүшесі қатысты. Нәтижесінде әйелдер мен балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдап, отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Атап айтсақ, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Сонымен қатар өзін өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды, ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылып, оларға буллинг немесе кибербуллинг танытқандар үшін, алғаш рет әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Құжатта қарастырылған нормалар мұнымен шектелмейді. Заңдардың толық мәтіні, баспасөзде жарияланады.