Олжас Бектенов Оралға барды
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласына барды.
Шаһарға жетісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар Үкімет басшысы өңір аумағында орналасқан су қоймалары мен өзен арнасын тікұшақпен бақылайды.