О. Бектенов Саха Республикасының басшысымен кездесті

Қазақстан мен Саха Республикасының тауар айналымы бір жылдың ішінде шамамен 2 есе өсіп, 160 млн доллардан асты.

Оның 99%-ы қазақстандық тауарлардың экспортына тиесілі. Екіжақты сауда-экономикалық байланысты бекіте түсу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және IT саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ жеткізілетін тауар мен қызмет ауқымын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату мәселелері қаралды.