Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ресми сапармен елге келді

Оны елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Мәртебелі қонақтың келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Ертең сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.