Садыр Жапаров Ұлттық ғарыш орталығына барды
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров елімізге ресми сапары барысында Ұлттық ғарыш орталығына барды.
Жапаров Қазақстанның саладағы жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты. Қырғызстан басшысымен бірге Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүрді. Екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды. Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі жобалары туралы айтып, құрылғыларды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын бөлшектердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында жасанды Жер серіктерін сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.