Мәскеу институтының филиалы ғарыш саласына қажетті мамандарды дайындайды
Бүгінде Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының жеті филиалы бар. Байқоңырдағы Мәскеу авиация институтының «Восход» филиалының ашылғанына биыл 60 жыл болды. Онда 250 студент білім алып жатыр. Оқу орыны еліміздің Ұлттық ғарыш орталығы мен «Бәйтерек» зымыран кешені және «KazSat» жерсерігі сияқты жобаларға мамандар дайындайды. Тараптар саланың алдағы міндеттерін ескере отырып, филиал бағдарламаларын жаңарту туралы шешім қабылдады. Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетімен бірлескен бағдарламалар ашу келісілді. Студенттердің алғашқы тобы оқуларын қыркүйек айында бастайды. Түлектерге екі диплом беріледі.
СУБТИТР: САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
СНХ: Аэроғарыш зерттеулеріне қатысты, математикалық модельдеуге қатысты бірлескен бағдарламалар Қызылордалық Қорқыт-Ата университетінің негізінде ашылады. Магистратура бағдарламалары қосылатын болады. Біздің аэроғарыш өнеркәсіп министрлігімен де кадр даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және арнайы инженерлік бағдарламаларды қарастыратын боламыз.
КОРР: Кездесуде қазақстандық студенттерді ұшақ жасау, авиациялық техниканы пайдалану, ғарыштық технологиялар, ұшқышсыз ұшу жүйелері сияқты салаларда оқыту мәселелері талқыланды.
СУБТИТР: ДМИТРИЙ КОЗОРЕЗ, МӘСКЕУ АВИАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
СНХ: Біз Қызылорда облысының халық шаруашылығын дамыту үшін кадрлар даярлау мақсатында Қызылорда мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты кеңейтуге келістік. Себебі бұл аймақтың ауылшаруашылығы үлкен болғандықтан біліктілігі жоғары жаңа мамандар қажет. Мысалы, қазір сала мамандары бақылаудың заманауи жүйелерімен таныс болуы керек.
КОРР: Мәскеуге сапары аясында Саясат Нұрбек Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров, Ресейден, 24КЗ