ЕАЭО. Ынтымақтастық лайықты деңгейге көтерілді
Әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы оң нәтиже көрсетіп жатыр.
Ұйымның іргесі қаланғалы Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі 42 пайызға өскен.
Атап айтар болсақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт мөлшері 118 пайызға артып, 2023 жылы 11 млрд доллар болған. Ал импорт 56 пайызға көтеріліп, 17 млрд доллардан асты.
Сондай-ақ, инвестиция үшін де қолайлы орта қалыптаса бастағанын байқауға болады. Еуразиялық одақ елдерінен келетін тікелей қаражат мөлшері 2 млрд долларға жуықтаған. Сарапшылардың сөзінше, мұндай оң көрсеткіштер үшінші елдерден келіп түсетін инвестицияға да әсер етеді. Оның мөлшері 89%-ға артып, 2022 жылы 28 млрд доллар болды.
Қазақстан экспорты:
2015 жылы – 5,1 млрд $
2023 жылы – 11,1 млрд $
Қазақстан импорты:
2015 жылы – 11,2 млрд $
2023 жылы – 17,5 млрд $
ЕАЭО елдерінің инвестициясы:
2015 жылы – 0,6 млрд $
2023 жылы (9 айы) – 1,8 млрд $
Үшінші елдер инвестициясы:
2015 жылы – 14,8 млрд $
2022 жылы – 28 млрд $