Мемлекет басшысы Сингапурдың премьер-министрімен кездесті
Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі.
Бұл жөнінде Президент Сингапурдың прмьер-министрімен кездесу барысында айтты және екі ел арасындағы көп жылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұдан бөлек Президент өзінің, осы елге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдіріп, ол үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, осы сапар аясында жетекші жер-гілікті компаниялардың басшыларымен кездесіп, өзара мүддені көздейтін нақты бизнес-жобаларды талқылау жоспарланып отыр. Кездесуден кейін Қазақстан Президенті мен Сингапур Премьер-министрі сапар барысында қол қойылған құжаттарды алмасу рәсіміне қатысты. Тараптар 6 бірдей мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойды. Оның ішінде екі ел Үкіметтерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум, құқықтық бағыттағы келісімдер мен жоғары білім беру саласындағы әріптестік бар. Тағы тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін, күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көп-жоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін, Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Премьер-министрі Лоу-ренс Вонгты, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.