Президент Сингапур премьерінің орынбасарымен кездесті

Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумын ұйымдастырғаны үшін осы елдің Үкіметіне ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, бұл шара Қазақстан мен Сингапур компанияларын екі ел нарығында жаңа мүмкіндіктер іздеуге ынталандырады. Өз кезегінде Хенг Суи Кеат Орталық Азия және АСЕАН елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуге Қазақстан мен Сингапур, септігін тигізе алатынын атап өтті. Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік құрылым мен жаһандық экономикаға, оның ішінде цифрландыруға, технологияларды дамытуға, жасанды интеллекті және адам капиталына қатысты мәселелер қарастырылды.