Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумына қатысты

Қазақстан аймақтағы инвестиция тартатын негізгі орталық болып қалуы үшін жаңа инвестициялық циклды іске қосты.

Стратегиялық мақсатымыз 2029 жылға қарай шетелден 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тарту. Сингапурға мемлекеттік сапармен барған Президент Қазақстан-Сингапур бизнес форумында осылай деді. Өз сөзінде мемлекет басшысы еліміз Сингапур стиліндегі экономикалық реформалар жүргізетін, мол мүмкіндіктер ұсынатын және экономикасы қарқынды дамып келе жатқан республика екенін айтты. Тағы Азияның оңтүстік-шығысындаға елмен ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытын айқындап берді. Президент қаланы дамыту секторын бірінші бағыт ретінде атады. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын екенін де айтты. Президент сөзін қорытындылай келе «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту ісіндегі артықшылықтарына назар аударды. Ал форум аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Сингапур Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министрінің қатысуымен коммерциялық құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Тараптар шара барысында бас-аяғы 9 келісім жасасты.