Президент Алматыда балалар ауруханасына барды
Мемлекет басшысы Алматыдағы жұмыс сапарының екінші күні аясында Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап, мекеменің жаңа ғимаратымен танысты.
Ол Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар. Республика бойынша тек осы клиникада жаңа туған нәрестелерде кездесетін асқазан артрезиясы, көкет жарығы (диафрагмальная грыжа), рахишизис, гастрошизис секілді туабітті дерттерді хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері жолға қойылған.
Әлібек Смағұлов, балалар медициналық жедел жәрдем орталығының директоры:
- Қазіргі таңда біз Алматы қаласының хирургиялық бағыттары бойынша жетекші клиника санатындамыз. Мұнда туа бітті даму кемшілігі бар 1-2-күндік нәрестелерге ота жасалады. Сондай-ақ бізде тізе буыны жарақаттарына байланысты артроскопиялық операция тәжірбиесі дамуда. Бұл әсіресе спортпен айналысатын белсенді балаларға ауадай қажет.
1965 жылы негізі қаланған қалалық балалар ауруханасы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің клиникалық базасы саналады. Соңғы үш жылда емделушілер саны 30 пайызға артқан. Соған орай ескі корпустардың бәрі күрделі жөндеуден өткізіліп, қосымша оңалту, отоларингология, аймақтық офтольмология орталықтары және жақ-бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылмақ. Нәтижесінде стационардағы төсек-орын саны 350-ден 470-ке дейін артады. Ауруханада Алматы ғана емес, бүкіл елден балалар келіп ем алады.
Қуаныш Нәдірұлы, балалар хирургы:
- Балалар хирургысын дайындайтын республикаға жолдама беретін аурухана болып саналады. Осы жерге келіп үйренеді. Білмегендерін үйреніп, талпынады. Ол балалардың ерекшелігі үлкендерге қарағанда дүниеге оүскен күннің өзінде ол іштен тума аурулары болады. Ол сөйлей алмайды. Айта алмайды. Өзінің сондай ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерлің диагнозын дөп қойып уақытында жәрдем беру осы аурухананың үдесінде.
Мемлекет басшысы медициналық мекеменің қызметіне табыс тілеп, 2 реанимобиль мен интерактивті тақтаны сыйға тартты.