Ерлан Қарин: Жаңа қоғамдық этика құруымыз қажет

Қоғамдық этиканы жаңартпай, әділетті қоғам құру мүмкін емес. Ескірген қасаң түсініктер мен ұғымдар келмеске кетпесе, саясат пен экономикадағы ауқымды реформалар еш нәтиже бермейді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ Ерлан Қарин елдегі саяси реформалардың мақсаты мен нәтижесіне тоқталды.

«Мәселен Президенттің Ұлттық құрылтайдағы бастамаларын жүзеге асыру үшін 40 тармақтан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Осы құжаттың аясында жыл соңына дейін 9 заң қабылдау жоспарланған. Қазірдің өзінде оның үшеуін Парламент мақұлдап, Президент қол қойды. Жақында «Заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар» бекітіледі. Сондай-ақ басқа да тұжырымдамалық құжаттар әзірлеп, нақты жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған»,- деді Мемлекеттік кеңесші.