Кәрім Мәсімов Президенттен рақымшылық сұрады

Мемлекетке сатқындық жасап, билікті басып алмақ болғаны үшін сотталған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов өзіне рақымшылық жасауды сұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады. Мәсімов биылғы жылдың наурызында рақымшылық жасауды сұрап, Қазақстан Президентінің атына өтінімхат жолдаған. Қазіргі таңда қылмыстық жолмен алынған қаражат пен өзге де мүлікті заңдастырды және аса ірі көлемде пара алды деген айып бойынша Мәсімовтің үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуірінде мемлекетке сатқындық жасап, билікті басып алмақ болды деген айыппен Мәсімов 18 жылға сотталған еді.