Қ.Тоқаев: ШЫҰ кеңістігі Үлкен еуразиялық белдеуге айналады
Шанхай ынтымақтастық ұйымының сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда орыны зор.
Тіпті бұл салада Үлкен еуразиялық белдеуге айналуға әлеуеті жетеді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның отырысында осылай деді. Мемлекет басшысы Азияның экономикалық тұрғыдан өркендеуіне ШЫҰ-ға мүше елдердің ықпалы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан тарапы Қытай нарығына қолжетімділікті арттыру мен Ұйымға мүше елдермен тауар айналымын 3 триллион доллар жеткізу ниетін құптады.
Цитата: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор. Біз оны толыққанды пайдалануымыз қажет. Бүгін ШЫҰ экономикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын қабылдадық. Аталған құжат осы басты мақсатқа сай келеді. ШЫҰ-ның ЕАЭО, БРИКС және АСЕАН секілді интеграциялық бірлестіктермен өзара ықпалдастығы кең мүмкіндіктерге жол ашады. Көлік жолдарының өзара байланысын одан әрі нығайту әлемдік сауданың тұрақты өсіміне зор ықпал етеді. ШЫҰ-ға мүше елдердің аумағы арқылы 350 мың шақырымнан астам темір жол өтеді. Әлемдегі жүк тасымалының үштен екі бөлігі осы жолдарға тиесілі. Сондықтан ШЫҰ кеңістігі жаһандық сауданы дамытуға арналған Үлкен Еуразиялық белдеуге айнала алады.