А. Гутерриш: Жасанды интеллект бойынша халықаралық ғылыми топ құру қажет
Сандық технологиялар жаһанға экзистенциалды қауіп төндіреді.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы плюс форматындағы кездесуде мәлімдеді. Антонио Гутерриш жасанды интеллект барлығының игілігі үшін Тұрақты дамуды жеделдетуде үлкен әлеуетке ие", — деді. Дегенмен, оның адам құқықтарына нұқсан келтіретінін де еске салды. Тәуекелдерді басқару үшін бізге технологиялық компаниялармен, ғылыми топтармен, азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін үкіметтердің толық қатысуы маңызды. Әрі бұл мүмкіндіктер тек бай елдердің артықшылығы болмау керектігін атап өтті. Сол себепті жасанды интеллект бойынша халықаралық ғылыми топ құруды ұсынды.