О. Бектенов пен А. Арипов бірқатар нысанды аралады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Алматыдағы цифрлық инфрақұрылым нысандарын аралады.
Алдымен қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығына барды. Мұндағы қызметкерлер тәулік бойы 3 мыңнан астам автобус пен троллейбустың жұмысын үйлестіреді. Қоғамдық көліктер цифрлық төлем және бірыңғай бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Жұмыс сапары барысында тараптар биыл наурыз айында ашылған Yandex Qazaqstan компаниясының жаңа кеңсесіне де бас сұқты. Мұнда қос елдің премьер-министріне карталар, көлік сервистері, іздеу жүйелері секілді қызмет түрлері таныстырылды.