Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды              

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына барды.

Премьер-министр су шайған үйлердің құрылысын назарға алды. Өңірде Подстепное, Деркөл және Орал қаласында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 400-ге жуық үй салынып жатыр. Алайда жұмыстар кестеден кешігіп жатқан көрінеді. Үкімет басшысы құрылыс қарқынын үдетіп, тұрғындардың жаңа баспанамен таяу арада қамтылуын тапсырды. Сондай-ақ инженерлік желілер мен  әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.