Жапония Премьер-министрі Қазақстанға келмейді
Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кишида елімізге жоспарлаған сапарын тоқтатты.
Оған күн шығыс еліндегі жер сілкінісі себеп. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мәртебелі мейман Астанада өтетін "Орталық Азия + Жапония" саммитіне қатысуы керек еді. Жапониядағы төтенше жағдайға байланысты келелі кеңеске Премьер-министр онлайн режимде қосылуы мүмкін.