ТМҰ байқаушылар миссиясы референдум барысына оң баға берді

Қазақстандағы референдум елдің Конституциясы мен заңнамалық нормаларына сай өтіп жатыр.

Түркі мемлекеттер ұйымының байқаушылар миссиясы осындай баға беріп отыр. Жалпы бұл ұйымның атынан учаскелердегі дауыс беру барысын бақылауға он бір байқаушы келген. Олар екі топқа бөлініп Астанадағы бірқатар референдум учаскесін аралап, жұмысымен танысып шықты. Қазанның үші күні келіп жеткен миссия мүшелері референдумға дайындықтың тыңғылықты жүргізілгенін айтады. Түркі мемлекеттер ұйымының байқаушылар миссиясының мүшесі Сади Джафаровтың айтуынша, байқаушылар бірде бір заң бұзушылықты анықталмады.

Сади Джафаров, Түркі мемлекеттер ұйымының байқаушылар миссиясының мүшесі:

- Бүгін учаскелердегі жұмысты бақылау кезінде барлық процестің Қазақстан заңнамасы мен дауыс берудің халықаралық стандарттарына сай атқарылып жатқанына көз жеткіздік.