Ұлытауда 132 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. LIVE

Ұлытау облысында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Өңірде 140 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Электораттың шамамен 40 пайызы облыс орталығында тұрады. Жезқазғандықтар үшін 34 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірдегі тілшіміз Елдос Кәкенов қазір сол учаскелердің бірінен тікелей байланысқа шығуға дайын. Елдос, сіз эфирдесіз! Дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр?

Елдос Кәкенов, тілші:

- Біз облыс орталығындағы Серке Қожамқұлов театрында орналасқан №209 референдум учаскесінде тұрмыз. Бұл Жезқазғандағы ең үлкен учаске. Мұнда 2,5 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Қазір менің жанымда осы учаскенің төрағасы Қалдыбай Қадірсізов тұр. Толығырақ осы кісіден сұрап көрсек. 

Қалдыбай Қадірсізов, Жезқазған қаласы №209 референдум учаскесінің төрағасы: 

- Өту барысы туралы, мүгедектігі бар жандарға жасалған жағдай, қанша адам үйден дауыс берді, тәртіп бұзушылықтар болған жоқ па? Осы сауалдардың төңірегінде жауап береді. 

Жалпы Ұлытау облысы бойынша 138 612 дауыс беруші тіркелген. Өңірде 132 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 76-сы қалалық, 56-ы аудандық жерлерде орналасқан. Аумақтық референдум комиссиясы дауыс беру барысында әзірге ешқандай тәртіп бұзу дерегі тіркелмегенін айтты. Облысқа қарасты 3 қалада мүгедектігі бар адамдар үшін бірнеше инватакси қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар Жезқазғанда таңғы 6-дан бастап қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда.