Германиядағы қазақстандықтар референдумда дауыс берді. LIVE

Шетелдегі отандастырымыз да референдумға белсенді қатысып жатыр.

Соның бірі Германиядағы қазақстандықтар. Бұл елде Берлиннен бөлек, Майндағы Франкфурт пен Мюнхенде дауыс беру учаскелері ашылған.

Ердана Ержанұлы, тілші:  

- Германияда қазір үш бірдей дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Қазір сағат түскі екіден асты. Берлинде бүгін күн бұлтты. Күзгі ызғар с  езіледі. Десе де отандастырымыз азаматтық белсенділігін таныту үшін дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр. Мысалы Берлиндегі елшілік аясында жұмыс істеп тұрған No 379 дауыс беру бөліміне 200ге жуық адам келеді деп күтіледі. Бұдан бөлек Германияның тағы екі қаласында референдумда дауыс беруге мүмкіндік бар. Бұл жалпы мына мен тұрған дауыс беру учаскесінің комиссия төрағасы Қадір Қасаболатов баяндайды.

Қадір Қасаболатов, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы

Ердана Ержанұлы, тілші:  

- Демалыс күні болған соң отандастарымыздың көбі түске қарай келіп жатыр. Тіпті бүтіп жанұясымен келгендер де бар. Соның ішінде Германияда 6 жылдан бері ІТ саласында қызмет етіп келе жатқан Жанжар Құлмырзаның да отбасы бар. Отағасы сайлау мен референдумдарға түгел барып тұрамыз дейді.

Жаржан Құлмырза, дауыс беруші:

Ердана Ержанұлы, тілші: 

- Жанжар секілді қазір Германияда жұмыс істейтін азаматтар, білім алып, біліктілігін арттырып жатқан студенттер, қазақстандық туристер мен Алманиядағы дипмиссия өкілдері мен олардың жақындары дауыс беріп жатыр.