СҚО-да «алтын той» иелері референдумда дауыс берді

Солтүстік Қазақстан облысында «Алтын той» иелері өз таңдауын жасады.

Бескөл ауылында тұратын Боранбай мен Жаңыл Төлетаевтар отбасы осыдан тура 50 жыл бұрын дәл осы күні отау құрған. Содан бері жұбы жазылмай келе жатқан зейнеткерлер бүгінде бала-шағасының қызығын көріп, немере сүйіп отыр. Олар бүгін таңертең тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген референдум учаскесіне келіп, саяси науқанға үн қосты.    

Жаңыл Төлетаева, Бескөл ауылының тұрғыны:

- Боранбай екеуміз бір класта оқыдық. Сосын Боранбай армияға кетті. Мен күттім ол кісіні. Сосын армиядан келгесін енді кішкене жұмыс істедік бір жылдай, енді бір-бірімізбен сосын үйлендік. Күшті жақсы қарсы алды.