EXIT POLL: «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі

Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты "Астана" жеке қоры "Хабар" Агенттігінің тапсырысымен жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады.

«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалға экзит полға қатысушылардың 69,8 пайызы «ия» деп жауап берген. Ал дауыс берушілердің 30,2 пайызы АЭС-ті салуға келіспейтінін білдірген. Сауалнама еліміздің 189 учаскесінде жүргізілді. Қорытындысы бойынша, дауыс берушілердің 67,3 пайызы өз таңдауын жасапты.

Әлібек Тәжібаев, "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты "Астана" жеке қорының талдаушысы:

- Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Астана жеке қоры Хабар агенттігінің тапсырысы бойынша 2024 жылғы 6 қазанда жүргізілген референдумда экзит пул әдісі бойынша халықтың еркін білдірі нәтижелердің алдын ала есебін жүргізді. Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен ҚР-ның 189 учаскесінде дауыс берген 283 мың 519 азамат қамтылды. Олардан референлумда қойылған "Сіз Қазақстанда АЭС салуға келсісіз бе?"  сұрағына қалай жауап бергені сұралды. 

Ия – 69,8 %

Жоқ – 30,2 %

Дауыс берушілердің белсенділігі  - 67,3%