Байқаушылар референдумды ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді

Қазақстандағы референдум азаматтарға пікірін еркін білдіру құқығы тұрғысында жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Бұл туралы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің байқаушылары айтты. Олар сондай-ақ науқанға жастардың көптеп қатысуын атап өтті. Кеңестің бас хатшысының орынбасары Чжан Лин дауыс беру ашық өткенін атап өтті.

Чжан Лин, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысының орынбасары:

- Дауыс берушілердің белсенділігі мені таң қалдырды. Таңдауын жасағандардың қатарында жастардың көп болуы қуантады. Көбі отбасын ертіп келді. Егде тартқан адамдар да аз болмады. Бұл жақсы беталыс. Әлеуметтік санаты әртүрлі азаматтар қоғам болып ұйысып, конституциялық құқығын пайдаланды.