ТМҰ байқаушылары референдумға оң бағасын берді
Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясы да елімізде өткен республикалық референдумға оң бағасын берді, деп хабарлайды 24kz.
«Бұл тағдыршешті науқан Қазақстан Республикасының референдум туралы заңы мен халықаралық стандарттарға сай өтті», - дейді миссия мүшелері. Олардың айтуынша, АЭС құрылысы бойынша, халық таңдауына шығарылған сұрақ болашақта ел дамуына оң әсер етпек.
Сади Джафаров, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:
- Байқаушыларымыз көбіне Астанадағы дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеді. Нақтырақ айтсақ, 24 учаскеде. Саяси науқан ашық болды деп айта аламын. Барлық қажетті ақпарат дер кезінде ұсынылып отырды. Миссия шеңберінде ешқандай заңсыздыққа тап болған жоқпыз.