Қазақстан мен Венгрия Парламент басшылары ынтымақтастық туралы келісті

Мәжіліс Төрағасы мен депутаттары Венгрия мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвердің шақыртуымен Венгрияға барды.

Онда қос елдің парламент басшылары, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сапар барысында делегация мүшелері венгр басшысы Тамаш Шуйокпен де арнайы кездесті. Ерлан Қошанов, Орталық Еуропадағы бауырлас халық, мажар еліне ерекше ықыласпен келіп отырғанын айтып, Қазақстан Президентінің жолдаған сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Қарсақ қаласының тұрғындарымен де тілдесіп жүздесті.