Елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. LIVE

Ақмола облысында пилоттық жобада өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімше құрылды.

Бұл туралы Үкімет отырысынан төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл өрттен зардап шеккендерді жедел түрде кешенді құтқару мен оларға алғашқы көмек көрсету мүмкіндігін береді. Ал Өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды.