Елордада Сирия келіссөздері бойынша Астана процесінің XXII кездесуі өтті

Елордада Сирия келіссөздері бойынша Астана процесінің 22-кездесуі өтті.

Оған кепілгер елдердің, яғни Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысты. Астана алаңы бұл жолы да Сириядағы қақытығыстарды тоқтату бойынша келісімдер жүргізу үшін ұсынылған. Келіссөздер үстелінде тараптар кедергісіз гуманитарлық көмек көрсету, инфрақұрырым нысандарын қалыпқа келтіріп, адамдарды су және жарықпен қамту мәселелелерін талқылады. Қорытындысы бойынша кепілгер елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Құжатта Сирия дағдарысын реттеуде халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, елдегі шиеленісті тек бейбіт жолмен шешу мәселелері атап көрсетілген. Тараптар келіссөздердің оңтайлы жүргізілуіне сеп болған Қазақстан билігіне алғыс білдіріп, Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесуді 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Астанада өткізуге уағдаласты.

Әлібек Бақаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Сирия шеңберінде Астанада өткізілген келіссөздердің деэскалация аймақтарын құру, жанжалдасу тараптар арасындағы шиеліністі тоқтату және адам шығындарын азайту тәрізді бастапқы мақсаттары бүгінде орындалып, сириялықтардың қалыпты тұрмыс-тіршілілігін қалыпқа келтіруге зор мүмкіндіктер ашуда.