Қ. Тоқаев Руанда президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Руанда президенті Поль Кагамемен кездесті.
Тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың даму перспективасын, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Әрі қарай Тоқаев Руандамен берік әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Өз кезегінде Поль Кагаме еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда басшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды.