Президент СOP29 саммитінде бірқатар елдің делегация басшысымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 cаммиті алаңында бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті.
Президент Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен, Молдова басшысы Майя Сандумен, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан Президенттерімен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, әңгімелесті. Онда түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, жаһандық климаттың күн тәртібі, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.