В. Путин «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялады

Екі елдің сенімді серіктестігі жайлы Ресей президенті Владимир Путин де жазды. Ол Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Қазправда газетіне мақала жариялап, қос тараптың ынтымақтастығы одақтас сипатқа ие екенін және барлық бағыт бойынша белсенді дамып жатқанын атап өтті.

Халықтар арасында да мәдени, рухани байланыстар берік екені баяндалған. Биылғы 9 айда тауар айналымы 20 млрд доллардан асқан. Инвестициялық ынтымақтастық та тереңдей түсті. Ресей энергетика саласындағы серіктестікке дем бергісі келеді. Владимир Путин халықтар игілігі үшін Қазақстанмен жан-жақты достық және одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Мақала соңында барлық қазақстандыққа табыс, амандық және өркендеу тіледі.