Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысушылар саны артты. LIVE
Қазақстандық делегация Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл іскер топтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дәстүрлі алаң. Форумға Қазақстан мен Ресей президенттері онлайн түрде қатысады деп күтіліп отыр.
Дана Нұржан, тілші:
- Уфадағы Күрес сарайының алаңында форум аясында қатарынан бірнеше шара өтіп жатыр. Бұл Жастар іскерлік форумы, B2B кездесулер, Қазақстан мен Ресей шығаратын техника көрмесі, сонымен қатар түрлі мәдени іс-шаралар. Оның ішінде гастрономиялық, музыка және спорт фестивалі де бар. Форумның екінші күнінің негізгі шаралары түстен кейін, яғни Астана уақытымен сағат 5-те басталады. Ал таңертеңнен бері Қазақстан мен Ресей облыстары басшыларының кездесулері жүріп жатыр. Атап айтқанда, Павлодар мен Новосібір облыстары алдағы үш жылға арналған ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына қол қойды. Бұл аймақтар тығыз экономикалық байланыста. Павлодар облысының тауар айналымының 30%-і Новосібір және Омбы облыстарының үлесіне тиеді. Жеті жылдан бері Новосібір мен Павлодар – бауырлас қалалар. Олар тек кономикалық емес, мәдени-гуманитарлық салада да белсенді серіктесік орнатқан. Павлодар облысының басшысы Асайын Байхановты тыңдап көрейік.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- Экономикалық тұрғыдан біздің қарым-қатынасымыз өте тығыз. Новосібір облысының 300-ден астам компаниясы Павлодарда жұмыс істейді. Павлодар мен Новосібір кәсіпкерлерлінің арасында дамыған серіктестік бар. Тек қана индустриалдық ірі кәсіпорындар емес, аграрлық бағытта да ауыл шаруашылығымыздың өнімін Новосібірге сату.
Келесі жылдың мамыр айында Павлодарда Новосібір облысының мәдениет күндерін және сол сияқты Новосібірде Павлодар облысының мәдениет апталығын өткізу жоспарланды. Сонымен қатар бүгін Башқұртстан және Қостанай мен Ақтөбе облыстары, Омбы және Солтүстік Қазақстан облыстары, Омбы және Абай облысы, Орынбор және Батыс Қазақстан облыстары арасында меморандумдарға қол қойылмақ. Өңірлер сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы байланыстарды дамытады. Ал біз пленарлық отырысты күтіп отырмыз. Жоспар бойынша оған екі елдің президенттері онлайн режимде қатысады.